Жаңалықтар

ҚМА іздеуде жүрген азамат үшін сыйақы тағайындады

ҚМА іздеуде жүрген азамат үшін сыйақы тағайындады
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 16.09.2024 12:00 490

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген ер адамға іздеу жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, Руслан Омаров өзі директор қызметін атқарған жылдар аралығында контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген.

Омаров Руслан Уланұлы, 28.07.1986 ж.т., Ақтөбе облысы, Алға қаласының тумасы. Аталған азамат жұмыстарды нақты орындамай, қызмет көрсетпей және тауар жөнелтпей, жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін күдікке ілінген.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Омаров Р.У. «Sunkar Logistics» ЖШС директоры ретінде әрекет етіп, контрагенттерге 4 млрд теңгеден астам сомаға жалған бухгалтерлік құжаттар жазып берген, - делінген мәліметте.

Мемлекеттік кірістер органдарының қорытындысы бойынша, төленбеген салық түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден асады.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз: +7-701-770-08-65 - іздеу бойынша, +7-7292-40-36-59 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимділікке кепіл беріледі, - деп қосты агенттіктегілер. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға