Жаңалықтар

ҚМА броньдалған әскери техниканы жеткізу мекемесінің басшысын ұстады

ҚМА броньдалған әскери техниканы жеткізу мекемесінің басшысын ұстады
Фото: t.me/afm_rk 29.02.2024 11:30 735

«Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының міндетін атқарушы Аршат Аяғанов ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ол қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке іліккен.

23 ақпанда броньдалған әскери техниканы жеткізу бойынша мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдік бойынша «Қазарнаулыэкспорт» РМК бас директорының м.а. Аршат Аяғановтың ұсталғаны туралы хабарлайды, - делінген мәліметте.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға