Жаңалықтар

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның бас директоры тағайындалды

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның бас директоры тағайындалды
Фото: ҚР СИМ 13.11.2023 22:30 656

Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен «QazTrade»сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның бас директоры болып Жеңіс Осербай тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс Осербай 1981 жылы Алматы қаласындадүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Экономика саласында PhD докторлық дәрежесі бар, жобалау менеджері, жеткізу тізбегін басқарумаманы.

Еңбек жолын 2000 жылы қаржы секторында бастаған.

Әр жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-ныңеншілес ұйымдарында басқарушылықпозицияларда жұмыс істеді.

2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды, АӨК-ке инвестициялар тарту, АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, халықаралық интеграция, агро азық-түлік нарықтарын реттеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның Директорлар кеңесін басқарды.

2023 жылдың қазан айынан бастап осы тағайындауға дейін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болды.

Жеңіс Осербай «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Рустам Асулбектің орнына келді, ол өз өкілеттігін өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға