Жаңалықтар

«QazTrade» АҚ 12 өңірде шығатын көкөністерді жеткізумен айналысады

«QazTrade» АҚ 12 өңірде шығатын көкөністерді жеткізумен айналысады
Фото: Сауда және интеграция министрлігі 11.05.2024 16:46 578

Ішкі нарықты маусымаралық кезеңде қажетті жеміс-жидек, көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Бұл мәселе Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов маусымаралық кезеңде көкөністер бағасының ауытқуын болдырмау үшін Өзбекстан мен Тәжікстаннан тасымалдаушылармен тікелей келісімшарт жасау мәселелерін пысықтауды тапсырған болатын.

Бүгінгі таңда «QazTrade» АҚ 12 өңірмен 4 мың тоннаға жуық ерте шығатын көкөністерді жеткізуге шарт жасасты.

«QazTrade» АҚ тарапынан барлық қажетті жұмыстар жүргізілді. Біз Өзбекстан Республикасының «UZTRADE» АҚ - мен және Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік және материалдық резервтер жөніндегі агенттікпен және «Тәжагропромэкспорт» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнымен көкөністерді жеткізуге шарттар жасастық, - деп хабарлады «QazTrade» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Нұрлан Құлбатыров.

Ол сондай-ақ қазір көкөніс өнімдерінің логистикасы мен құнына қатысты мәселелер пысықталып жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде бірінші вице-министр Айжан Бижанова кей өңірлер ерте шығатын көкөністерді сатып алуға асықпай отырғанын айтты.

Бағаны тұрақтандыру үшін өңірлерге ерте шығатын көкөністерді сатып алу міндеттелді. Осыған байланысты әкімдіктер уақтылы келісімшарттар жасасып, өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуі қажет, - деп қорытындылады Айжан Бижанова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға