Жаңалықтар

«Қазсушар» Жетісу облысында жергілікті шаруаларға 150 млн текше метр су берді

«Қазсушар» Жетісу облысында жергілікті шаруаларға 150 млн текше метр су берді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 14.06.2024 21:18 491

Жетісу облысының шаруаларына 148,3 млн текше метр су берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында жергілікті «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 26 мың гектардан астам егіс алқабы суарылды. Шаруалармен барлығы 770,3 млн текше метр суармалы су беру жөнінде 6140 келісімшарт жасалды.

Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 106,2 шақырым болатын канал бөлігі механикалық әдіспен тазаланып, 13 гидротехникалық құрылыс пен 9 гидробекет жөнделді.

Облыста жаңа су шаруашылығы нысандарын салу жоспарланып отыр. Бұл Ескелді ауданындағы Балықты өзеніндегі су қоймасы, Панфилов ауданындағы Қорғас, Үсек және Тышқан өзендеріндегі үш су қоймасы, Алакөл ауданындағы Жаманты су қоймасы және Көксу ауданындағы Быжы өзеніндегі су қоймасы. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр, - деді Жетісу облысы бойынша «Қазсушар» филиалының директоры Саят Құдайбергенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға