Жаңалықтар

Қазселденқорғау күштерімен су басу қаупі жойылды

Өзен арналары арқылы өтуден аулақ болыңыз
Қазселденқорғау күштерімен су басу қаупі жойылды
Фото: ТЖМ 14.01.2023 21:00 919

Алматыда Ақсай өзенінің арнасы бойынша Ақжар өзенінің сағасы 200 метрден жоғары учаскеде кептеліс пайда болды. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты автожол учаскесін ішінара су басу орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазселденқорғау күштерімен арнайы техниканы қолдана отырып, зажорды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде су деңгейі төмендеді. Жолды су басу жойылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Зардап шеккендер жоқ.
Мұзды-су тасқынын қалыптастыру мүмкіндігіне байланысты ескертеміз:
1. Өзен арналарына жақын жерде тұрмаңыз.
2. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
3. Өзендердің жанында автотұрақтарды ұйымдастырмаңыз.
4. Өзен арналары арқылы өтуден аулақ болыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға