«Қазпоштаның» 273 млн теңгесі талан-таражға салынған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
29.11.2023 16:19
737
«Қазпошта» АҚ-да жүргізілген тексеру барысында 273 млн теңгеден астам қаржы ұрланған. Бұл туралы ұлттық пошта операторы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша бірқатар өңірлерде жалпы сомасы 273 млн теңгені құрайтын қаржылық заң бұзушылықтар анықталды. Ішкі тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау және күдіктілерді жауапқа тарту, сондай-ақ келтірілген шығын сомасын өтеу үшін экономикалық тергеу департаментіне жолданды, – делінген ресми хабарламада.
Заң бұзушылық фактілері қатарында жымқыру, алаяқтық, ұрлық және заңсыз сыйақы алу фактілері бар. Қазіргі таңда «Қазпоштаның» 7 өңірлік филиалында 11 қылмыстық іс тіркелді. Ішкі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде басы бос қыздарға қарағанда бойдақ жігіттер көп
Келесі жаңалық
Ыстамбұл әуежайында Wi-Fi тегін болады