ҚазМұнайГаз «West Oil Software» мекемесіне жаңа техникалар алды

Фото: t.me/kmgpress
Фото: t.me/kmgpress
04.04.2024 09:01
712
ҚМГ былтыр «West Oil Software» ЖШС жұмысшыларының еңбек жағдайын жақсартып, мекеме техникасын жаңарту бойынша арнайы бағдарлама қабылдаған болатын. Оған сәйкес 3 жылдың ішінде барлығы 202 техника бірлігі жаңарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жақында компанияның арнайы техника паркі жаңа техникамен толықты. 2023 жылы келген жаңа 17 көлікке қосымша биыл наурыз-сәуір айларында сегіз жаңа автоцистерна (АЦВ-12) арнайы техникасы қосылды. Ай соңына дейін осындай тағы 6 автоцистерна (АЦВ-12) келеді деп күтілуде.
Бұл көлік құралдары «Ойл Транспорт Корпорейшэн» компаниясынан WOS мекемесіне сенімгерлік басқаруға берілетін болады. Биыл барлығы 70 арнайы техниканы жаңарту жоспарда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қарулы күштердің өкілі Эверестке шығатын экспедицияны басқарады
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды