Жаңалықтар

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ нысандарын Huawei сандық жүйеге көшірмек

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ нысандарын Huawei сандық жүйеге көшірмек
Фото: "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметінен 19.10.2023 05:28 700

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев ҚХР-ға сапары барысында Huawei компаниясының Бейжіңде орналасқан зерттеу және әзірлеу орталығында (R&D) болып, «Huawei Middle East & Central Asia» вице-президенті Ван Шунлимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Тараптар қос компанияның ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Ван Шунли Huawei компаниясының телекоммуникация, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, заттар интернеті және цифрлы энергетика саласындағы жетістіктерін баяндады.

Д.Макеев өз кезегінде өндіріске цифрлы шешімдерді енгізу ҚМГ-нің басым міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Ұлттық компания қазірдің өзінде «Huawei Fusion Module 1000A» контейнерлік деректер орталығын қолданады. ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорындары да қытай компаниясының жабдықтарын (коммутаторлар, радиорелелік жүйелер, WiFi контроллер, қосылу нүктелері, телефон станциялары, IP-телефондар, серверлер және т.б.) кеңінен пайдаланады.

ҚМГ басшысының орынбасары қазақстандық мұнай-газ операторының Huawei-мен өзара байланысты арттыруға дайын екенін жеткізді және қытайлық әріптестердің Қазақстандағы өкілдерін Астанадағы ҚазМұнайГаз кеңсесіне цифрлы диспетчерлік-талдау орталығының қызметімен танысуға шақырды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға