Жаңалықтар

Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 369 мың теңгеден алды – Олжас Бектенов

Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 369 мың теңгеден алды – Олжас Бектенов
Фото: t.me/KZgovernment 23.04.2024 10:50 997

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қауіптің беті қайтқанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы өте күрделі ахуал қалыптасқан Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастағанын, Үкіметте, Төтенше жағдайлар министрлігінде, өңірлерде жедел штабтар тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын айтты.

Проблемалардың барлығы жергілікті жерлерде жедел қаралып, шұғыл шешімдер қабылдануда. Өткен аптада залалды өтеу жұмыстары басталып кетті. Зардап шеккендерге келтірілген шығындарды өтеу тәртібіне түзетулер бекітілді. Кеше мен тиісті қаулыға қой қойдым. Қазіргі уақытта 11 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алды. Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейтін боламыз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады, – деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ кәсіпкерлердің шығындары өтелетінін тілге тиек етті.

Азаматтарға айтарым, сабырлық сақтаңыздар. Ешкім де көмексіз қалмайды. Бұл мәселелердің барлығы президенттің және менің жеке бақылауымда. Сондықтан біз осы сынақтан абыроймен өтеміз деп білемін. Дегенмен кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде. Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірге су тасқынына байланысты жағдайға бақылауды күшейтуді жалғастырсын. Қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді қамтамасыз етсін. Қайталап айтамын, керек болса, мәжбүрлі түрде көшіру қажет, – деді премьер-министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға