Жаңалықтар

Қажымұқанның ауылында алып бала дүниеге келді

Қажымұқанның ауылында алып бала дүниеге келді
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 21.07.2023 11:00 968

Ордабасы аудандық орталық аурухананың перзентханасында алып сәби туылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 шілде күні Төрткүл ауылы, Көкарал елді мекенінің тұрғыны Кунтасова Гүлмира Абдурахманқызы салмағы 5120 гр, бойы 58 см болатын алып баланы дүниеге алып келді.

Оқи отырыңыз:

Сәбидің салмағы қалыпты нормадан артық болғанына қарамастан анасы оны уақытында және қалыпты жүктілікте босанған.

Сол күні кезекшілікке түскен перзентхана меңгерушісі А.С. Қадырбекова, акушер- гинеколог М.Б. Байларова, акушер Г. Т. Карабаева, неонотолог Г.Б. Юсупова жүкті келіншекті аман-есен босандырып алған.

Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, бәрі де дәрігерлердің жіті бақылауында.

Айта кетейік, нәресте - отбасындағы алтыншы бала.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға