Қазгидромет: Үш облыста дауылды ескерту жарияланды
2 және 3 желтоқсан күндері бірқатар өңірде ауа райы күрт нашарлайды
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
02.12.2022 22:30
2094
Еліміздің үш облысында 2 және 3 желтоқсан күндері дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі деп күтілуде. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз таулы аудандарда 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Шымкентте түнде және таңертең тұман күтілуде.
Түркістанда да түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман болуы ықтимал.
Оралда да түнде және таңертең қаланы тұман басуы мүмкін.
Ақтөбе облысының шығысында, орталығында күндіз солтүстік-шығыстан 15 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ел перзенті еді: Қуат Есімханов туралы бірер сөз
Келесі жаңалық
Бүгін – халықаралық балаларға арналған кітап күні