Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазгидромет болжамына сәйкес, 14 мамырда түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертен облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
14 мамырда түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
14 мамырда Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с-ке жетеді.
Талдықорғанда 14 мамырда таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.
14 мамырда Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылордада 14 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.
Алматыда 14 мамырда кей уақытта найзағай ойнайды. Қонаевта 14 мамырда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағандыда 14 мамырда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
14 мамырда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Ақтау қ.: 14 мамырда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
14 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 14 мамырда солтүстік жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
14 мамырда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Орал қ.: 14 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
14 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
14 мамырда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавл қ.: 14 мамырда түнде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с.
14 мамырда күндіз Абай облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Семей қ.: 14 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
14 мамырда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қ.: 14 мамырда найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.
14 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
14 мамырда күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ: 14 мамырда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.