Жаңалықтар

Қазгидромет: Елдің бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

Синоптиктер елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі деп отыр
Қазгидромет: Елдің бірқатар өңірінде боран соғып, көктайғақ болады
06.01.2023 07:15 918

6 қаңтарда еліміздің бірқатар облысында боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды El.kz  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жұма күні елордада тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының басым бөлігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болады.   

Абай облысының солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Семейде де қар жауып, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с дейін болады. Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 16 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Өскеменде де қар жауып, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел соғып, 23-28 м/с дейін жетеді. Ал Тараз қаласында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с болуы мүмкін.

Күндіз Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 17-22 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігіне, батысына тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін жетеді. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. Қарағанды қаласында бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Ал Маңғыстау облысының шығысына тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады, ал солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 23 м/с жетеді. Павлодар қаласында көктайғақ, түнде және таңертең бұрқасын болады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың оңтүстік-батысында бұрқасын болады. Облыстың шығысында тұман түседі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аймағында жаңбыр мен қар жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға