Қазгидромет 6 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасады

Синоптиктер 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің алты өңірінде ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде таңертең және күндіз көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында екпіні секундына 15-20, кей уақыттарда 25 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Атырау облысының батысында тұман болады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (негізінен жаңбыр), көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
