Қазгидромет: 14 желтоқсанда бірқатар өңірде боран соғады
Синоптиктер ел тұрғындарына ескерту жасады
14 желтоқсанда бірқатар өңірде аяз күшейіп, боран соғады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.
Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында боран болады. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетті. Ауа температурасы 20-25, облыстың солтүстігінде 30 градус аяз болады.
Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 16 м/с-ке жетеді деп күтіліп отыр.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран соғады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы бірден 20-25, солтүстігінде 30 градусқа дейін төмендейді.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ болады. Ақтау қаласында түнде көктайғақ болуы ықтимал.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарына тұман түседі. Таулы аймақта оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан қаламында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
