Қазгидромет: 13 желтоқсанда ауа райы ашық болады
Ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады
13 желтоқсан күні өңірлердің басым бөлігінде ауа райы ашық болады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.
Тек республиканың солтүстігінде, шығысында бұрынғыдай атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, бұрқасын жалғасады.
Республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, оңтүстік, оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Астанада көшпелі бұлт шығады. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -13...-15°С, күндіз -8...-10°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -10...-12°С, күндіз -1...-3°С.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°С, күндіз +1...+3°С.
