«Қазгеология» басшылығы жалақыларын екі есеге көтеріп алған - Антикор
Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі мәлім етті
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
22.12.2022 09:05
2350
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ (мемлекеттің 100% қатысуы) басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мекеме басшылығы Жарғыны бұза отырып, директорлар Кеңесінің тиісті шешімінсіз Басқарма мүшелеріне (Басқарма Төрағасы, Төрағаның 3 орынбасары, бас геолог) 2017-2019 жылдар кезеңінде жалақыны, бонустарды және материалдық көмекті 169 млн теңгеден астам сомаға артық төлеуге әкеп соқтырған лауазымдық жалақының мөлшерін 2 есе ұлғайтты деп күдіктенеді.
Тергеу жалғасуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазгидромет 22 желтоқсандағы ауа райына болжам жасады
Келесі жаңалық
Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі