Qazcontent референдумға қатысты кезекті тікелей эфир өткізеді
Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
06.10.2024 23:25
426
"Qazcontent" АҚ ұжымы республикалық референдумнан тікелей эфирден хабар таратуды жалғастырады. Кезекті эфир 23:30-да басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Эфир барысында тілшілер еліміздегі және шетелдердегі дауыс беру учаскелері туралы, сондай-ақ референдумның алдын ала нәтижесі туралы маңызды ақпарат ұсынады.
Сонымен қатар, шетелдік байқаушы мен еліміздің депутаты студия қонағы болады. Олар референдумның мән-маңызын, оның ел болашағына ықпалы, құқықтық, әлеуметтік және экономикалық аспектілерін талқыға салады.
Айта кетейік, эфирді baq.kz YouTube арнасынан онлайн көре аласыздар.
Бұған дейін таңертең ұйымдастырылған тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға