Жаңалықтар

"Qazcontent" харассментке төзбеушілік саясатын бекітті

"Qazcontent"  харассментке төзбеушілік саясатын бекітті
05.05.2023 18:12 1605

 Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі харассменттен қорғау саясатын бекітуді туралы бұйрықты шығарған еді. Енді, міне, ведомство қарасты "Qazcontent" акционерлік қоғамы да харассментке төзбеушілік саясатын бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл саясат қоғам қызметкерлері арасында харассментті алдын алу және болдырмау мақсатында әзірленген.

Харассмент басқа адамға қолайсыздық тудыратын немесе тіпті зиян келтіретін, оның жеке өміріне қолсұғылмаушылықты бұзатын адамның мінез-құлқы болып саналады. Оны бекітудің мақсаты - министрліктің барлық қызметкерлері арасында харассментке қатысты төзбеушілік саясатын тарату, сондай-ақ харассменттің алдын алу, ден қою және оған төзбеушілік жағдайын жасау.

Осыған орай жауапты ведомство ретінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірқатар жүйелі жұмысты қолға алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жұмыскерлері арасында харассменттің алдын алу және болғызбау мақсатында бұйрық шығарған болатын..

Бұйрықтың толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп таныса аласыздар.

Құжатқа сәйкес, харассмент бойынша арыз түсіруге болады. Оны тәртіптік комиссия қарап, шара қолданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға