Жаңалықтар

Қазбек Майгельдинов: «Жаңа Қазақстанның» жаңа заңдық нормалары керек

Қазбек Майгельдинов: «Жаңа Қазақстанның» жаңа заңдық нормалары керек
18.05.2022 16:56 2531

Бүгін елордада «Конституциялық референдум – жалпыхалықтық дауыс» атты «Sarap» эксперттік клубының отырысы өтті.

Бұған қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар қатысты. Жиын барысында олар алда өтетін референдум жайында қоғамдық ой-пікірді талқылады.

– Біз егер Президент айтқандай, «Жаңа Қазақстанды» құрғымыз келсе, «Жаңа Қазақстанның» жаңа заңдық нормалары керек. Бұл заңдық нормаларды бекіту үшін кез келген Қазақстан азаматына тікелей әсер ететін бұл Ата заңымыз. Конституциядан басталған өзгерістер алдағы күні сайлау, партиялар туралы және басқа да билік бағыттары бойынша 20 шақты заңнаманың өзгертілуіне алып келеді, - дейді Қазақстан қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы, саясаттанушы Қазбек Майгельдинов.

Қазбек Майгельдинов: «Жаңа Қазақстанның» жаңа заңдық нормалары керек

Осы уақытқа дейін «Sarap» эксперттік клубының мүшелері еліміздің бірқатар аймағын аралап қайтқан. Алдағы уақытта батыс өңіріне жол жүруді жоспарлап отыр.

– Парламенттік тізіммен сайланған кезде аудан болмаса қаланың депутаттары өздерін сайланған азаматтармен кездескен уақытта халық «өз депуттарымызды білмейміз» деген халық тарапынан сұрақтар болушы еді. Себебі сол кезде партиялар сайлауға түсетін. Содан жеңіске жеткен партия аудан, қалада болатын депутаттарын анықтайтын. Енді осы Конституцияға өзгерістер енгізілгеннен кейін заңдар өзгере бастайды. Нәтижесінде аудан, қала депутаттары барлығы толығымен азаматтар өзін-өзі ұсыну бойынша сайланатын болады. Яғни ешқандай партияға кірмей-ақ ауданның, қаланың депутаттары халық өздері сайлайтын болады. Сондай-ақ конституциялық соттың құрылуы қандай өзгерістерге алып келеді? Конституциялық құқығым бұзылды деген кез келген азамат Конституциялық сотқа шағымдана алады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі Ата заңда көрсетіледі және ол ешбір мемлекеттік органға жауап бермей, тәуелсіз жұмыс істейтін болады. Осының барлығы да Ата заңымызда енгізілетін өзгерістерде қарастырылатын болады, - дейді саясаттанушы Бауыржан Серікбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға