«ҚазАвтоЖол» ШҚО-да бюджет қаржысын жымқыру дерегін анықтады

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жемқорлыққа қарсы қызметі бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның Сыбайлас жесқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі мен Қауіпсіздік қызметі тексеріс жұмыстары барысында «КАЖСервис» ЖШС-нің Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
Тексеріс материалдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жолданды. 2024 жылғы 30 қыркүйекте тексеріс жұмыстарының нәтижесі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 189 бабының 3 б. 1 т. сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі тұрақты түрде жемқорлықпен күресу бойынша шараларды ұйымдастырып, компания ішінде ашық әрі адал ортаны құру мақсатында түрлі жұмыстарды атқарып, мемлекеттік органдар мен мекеме арасында өзара байланысты дамытуда.
