Жаңалықтар

ҚазАвтоЖол республикалық жолдардағы жылдамдық ережесін еске салды

ҚазАвтоЖол республикалық жолдардағы жылдамдық ережесін еске салды
Фото: QazAvtoZhol 25.08.2023 17:12 1372

"ҚазАвтоЖол" республикалық маңызы бар күре жолдарда рұқсат етілген жылдамдық туралы еске салды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

I-а санатты автожолдарда рұқсат етілген жылдамдық сағатына 140 шақырымнан аспайды.

Ал I-б санатты жолдарда сағатына 110 шақырымнан аспайды.

II және III санатты жолдарда рұқсат етілген жылдамдық 100 шқ/сағ (егер басқа шектеулер болмаса).

Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерде ордерге сәйкес арнайы жол белгілері қарастырылған.

Жол қозғалысы ережелерімен егжей-тегжейлі танысу үшін (10. қозғалыс жылдамдығы) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1400001196 сілтемесі арқылы өтуге болады.

Жылдамдық режимі жол қозғалысы ережелерімен реттеледі. Белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру үлкен қауіп тудырады. Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін асырмауға және қауіпті маневрлер жасаумауға шақырамыз, - делінген "ҚазАвтоЖол" ақпаратында.

Айта кетейік, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық маңыздағы күре жолдарға электронды табло орнатылып жатыр.

Электронды таблодан жолдың жай-күйі туралы ақпарат шығып тұрады. Сонымен қатар бұл интеллектуалды жүйе ауа-райының өзгеруі және тиісті жылдамдықты сақтау қажеттілігі туралы ескертіп тұрады.

Еліміздің алты республикалық маңызы бар күре жолында ("Астана-Павлодар"; "Қонаев - Талдықорған"; "Тараз - Қайнар"; "Шымкент - Қызылорда"; "Шымкент - Тараз"; "Шымкент - Тараз"; " Шымкент-гр.Өзбекстан") 14 электронды табло орнатылмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға