«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері жолда қалғандарға тамақ пен азық-түлік жеткізді

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
09.02.2024 20:02
863
«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолды қардан тазалап қана қоймай, Ақтөбе облысының М-32 Самара-Шымкент автожолында қалған қоғамдық және жүк көліктерінің жүргізушілері мен жолаушыларына жан-жақты көмек көрсетуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шектеу қойылған аумақтарда 7 қоғамдық көліктің 60 жолаушысын азық-түлік, ыстық тамақ, сусынмен қамтамасыз етті.
Одан бөлек, аталмыш жолдың 1153 шақырымында шектеу қойылған постта тұрған 200 адамға ас әзірлеп таратты.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар Р-50 «Ақтөбе солтүстік айналма жолы» тас жолының 17 шақырымында жолда қалып қойған көрші ел азаматтарына да көмек көрсетіліп, жанар жағармаймен қамтамасыз етті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздің сегіз облысында жолдар жабылды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды