«Қазавтожол» кей көлік иелерінен негізсіз ақы алған
Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
06.03.2024 12:33
856
«ҚазАвтоЖол» ауыр жүк көліктерінің иелерінен негізсіз ақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ филиалы «Астана-Петропавл» автожолының қиылысында ауыр жүк көліктерінің иелеріне жол жүру сомасын негізсіз есептеген. Көкшетау көлік прокуратурасы жолдардың ақылы учаскелерінде жол жүру ақысын төлеу туралы заңнаманы сақтау мәселесіне қатысты талдау нәтижелері бойынша 605 тасымалдаушы кәсіпкердің құқықтарын қорғады.
Прокуратураның араласуымен автожолдың көрсетілген учаскесінде шамамен 3,5 млн теңге сомаға 605 бизнес субъектісіне жол жүру үшін есептелген сома жойылды, ал заңдылықты бұзуды жою мақсатында жол өлшеу жүйесінің жұмысы қайта қаралы жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Келесі жаңалық
Бейнеу мен Сексеуілдің арасын жалғайтын жаңа жол салынады