Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" басшысы өз еркімен қызметінен кетті

"ҚазАвтоЖол" басшысы өз еркімен қызметінен кетті
Фото: qaj.kzI 31.10.2023 09:11 722

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшысы Мейірхат Қасымбаев өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Бүгін мен өз еркіммен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетемін. Екі жылға жуық уақыт бойы әріптестерімізбен бар күш-жігерімізді ұзақ мерзімді жол құрылыстарын аяқтауға жұмсадық. Орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық жол желісінде тоқтап тұрған бірде-бір жоба жоқ деп нық сеніммен айта аламын, – деді Мейірхан Қасымбаев.

Қасымбаевтың айтуынша, ол басшылық еткен екі жыл ішінде 7 миллион тонна асфальт-бетон қоспасы төселген, бұл шамамен 2,5 мың шақырым жаңа асфальт. 

Жол саласы ел басшылығы тарапынан да, тұрғындар тарапынан да талай рет сынға алынғаны жасырын емес, былайша айтқанда, жүйелі түрде шешімін табуды қажет ететін түйткілді мәселелер көп, – делінген жазбада

Ол барлық әріптестеріне, мердігерлерге, желідегі барлық қызметкерлерге алғысын білдірді.

Мейірхат Қасымбаев 2022 жылдың ақпанынан бастап "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға