"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты шұғыл ақпарат таратты

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ауа райының қозғалысына байланысты екі өңірдегі тағы бірнеше жол жабылғаны туралы шұғыл ақпарат тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік қозғалысына шектеу қою туралы шұғыл ақпарат:
Шығыс Қазақстан облысы:
10 қарашада сағат 21:00-де Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен-Семей" автожолының 10-103 шақырымы аралығында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Абай облысы:
10 қарашада сағат 21:00-де ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты Абай облысында"Өскемен-Семей" автожолының 103-198 шақырымы аралығында (ШҚО шекарасынан Семей қаласына дейін) жүк және жолаушылар көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Ұлттық компания мәліметінше, бұл жолдар 11 қараша сағат 08:00-де қозғалыс үшін қайта ашылады жоспарланып отыр.
