Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» ақылы жолдарға абонементтерді қалай рәсімдейтінін айтты

«ҚазАвтоЖол» ақылы жолдарға абонементтерді қалай рәсімдейтінін айтты
Фото: Көлік министрлігі 30.05.2024 11:17 598

«ҚазАвтоЖол» автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық операторы жол пайдаланушылар үшін ақылы жолдармен жүруге айлық және жылдық абонементті рәсімдеу қызметін ұсынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
  
Ол үшін көлік құралы ақылы жолдардың учаскесіне қарасты аудандарда тіркелу қажет (көлік құралының тіркелген жері ҚР ІІМ деректер қорынан алынады) және жол ақысы үшін қарызы болмауы тиіс.
  
Абонементті алу үшін онлайн, клиенттермен жұмыс істеу орталығына немесе ақы төлеу пунктіне барып өтінім беруге болады.

«ҚазАвтоЖол» ақылы жолдарға абонементтерді қалай рәсімдейтінін айтты

 Абонементтердің құны: 
 
1. Бір айлық абонемент (күнтізбелік 30 күн): 
- Жеңіл көліктер үшін – қарастырылмаған;
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 2 АЕК (7384 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 4 АЕК (14 768 теңге);
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін – 6 АЕК (22 152 теңге);
- Жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 8 АЕК (29 536 теңге);
- Жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін – 10 АЕК (36 920 теңге).
 
2. Бір жылдық абонемент (күнтізбелік 365 күн): 
- Жеңіл көліктер үшін – 1 АЕК (3692 теңге);
- 16 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 20 АЕК (73 840 теңге);
- 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 т. дейін жүк автомобильдері үшін – 40 АЕК (147 680 теңге);
- 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 т. дейін автопоездар үшін – 60 АЕК (221 520 теңге);
- Жүк көтергіштігі 10 т. жоғары және 15 т. дейінгі жүк автомобильдері үшін – 80 АЕК (295 360 теңге);
- Жүк көтергіштігі 15 т. жоғары жүк автомобильдері, оның ішінде тіркелгіш және ершікті тартқыштар үшін – 100 АЕК (369 200 теңге).

 Абонементті рәсімдеу жолдары: 
 
1. 1403 байланыс орталығы арқылы 
- таңдаған абонементтің құнына сәйкес көлік құралының нөміріне қаражат салып, қызметті қосу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу керек.
  
2. Кaztoll.kz сайты арқылы 
- Кaztoll.kz сайтына тіркелу;
- Көлік құралыңыз туралы деректерді толтыру;
- «Абонементті рәсімдеу» бөліміне өтіп, өзіңізге қажетті абонементтің түрін таңдау (айлық, жылдық).
 
3. Ақы төлеу пункттері (АТП) немесе клиеттермен жұмыс істеу орталықтары арқылы (КЖО) 
- АТП немесе КЖО операторларына хабарласу
- Абонементті өзіңізге ыңғайлы әдіспен төлеу (карта, ақшалай немесе интернет-банкинг арқылы).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға