Қазақтың қазысы Лондонда 64 мыңнан сатылып жатыр

Лондонда тұратын Азиз есімді Тұманды Альбионға өзіңмен бірге не әкелу керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде ол қазының бір данасы 64 мыңнан сатылып жатқанын алға тартқан. Одан бөлек темекі, отандық шоколадтар да өте қымбат көрінеді. Елін сағынған қаракөздеріміз сол бағаға сатып алатын көрінеді.
Лондонға келгенде қалай пайда табуға болады? Мұнда бір қазыны қазақтар 64 мың теңгеге, яғни қазіргі курспен 100 фунтқа сатып жатыр. Ал бір қорап темекі 4 мың теңге тұрады. Құрт пен «Қазақстан» шоколады бұл жерде атымен жоқ, сондықтан оларды да қазақтар жақсы сатып алады. Егер Лондонға келсеңіздер, киім емес, қазы, темекі алып келіңіздер – тез өтеді. Киім бұл жерде арзан әрі сапалы. Біз білмей қалдық, айтатын ешкім болмады. Әкелген киіміміздің жартысын тастадық, - дейді Азиз есімді азамат.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
