Жаңалықтар

Қазақтың болмысын контентке айналдыруымыз керек - Ерболат Беделхан

Қазақтың болмысын контентке айналдыруымыз керек - Ерболат Беделхан
Фото: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 11.05.2023 21:42 1217

Астанада SoZ Astana Public Talk алаңында «Қазақстандық медиа: өткені мен ертеңі» тақырыбы аясында дәріс өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Спикер ретінде  ORDA тобының солисі, Ninety One тобының бұрынғы продюсері Ерболат Беделхан шақырылған. Ол әңгіме барысында идеология мен ұлттық құндылықты қорғау үшін эксклюзивті контентті қалыптастыру керек екенін атап өтті.

Ұлттық құндылық – ол біздің ішіміздегі қазақи мәдениетіміз. Барлықтарыңыз білетін шығарсыздар, мен домбырамен ән айтпаймын. Заманауи әндерді шырқаймын. Әндерімді сонау Ресей, Америкада жүрген музыкалық мамандар естігенде «Сен қазақ болғаннан кейін қазақи музыка шығарып жатырсың» деп айтады. Демек менің болмысымда, өнерімде қазақтың иісі мен қайталанбас дүние бар екен, - деді ол. 

Әншінің айтуынша, әндері қазақ тілінде болғандықтан ол 100 пайыз эксклюзивті контент болып есептеледі. 

Бұл жерде тіл мәселесіне қайта айналып келеміз. Біз қазақтың болмысын, тілін көтеріп алып соны контентке айналдыруымыз керек, - деді Ерболат Беделхан.

Ол әлемде ешқашан бос дүние болмайтынын айтты. Әлі де медиа саласындағы нарығымызды қалыптастыра алмай жатырмыз деп отыр. 

Сондықтан басқа мемлекеттің дәстүрі елімізге кіріп келгенде наразылық танытамыз. Негізі бұл жерде басты сұрақты оларға емес, өзімізге қоюымыз керек. Идеологияның қаншалықты маңызды екенін осы жерден-ақ түсіне аламыз,- деді продюсер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға