Жаңалықтар

Қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Өзтүрік жайлы деректер

Қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Өзтүрік жайлы деректер
Фото: E-history.kz 24.11.2023 12:18 3427

Бүгін, 24 қарашада, қазақтың біртуар ұлы Мұстафа Өзтүріктің туған күні. Көзі тірі болғанда, 69 жасқа толар еді. Осы орайда спортшының өміріндегі ең айтулы деректерді қысқаша тізіп өттік, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

1. Мұстафа Өзтүрік Түркияға көшіп барған қазақ отбасында туған.
2. Әкесі Қабен түрік жерінде палуандармен белдесіп, өзінің жауырыны жер тимейтін шебер болған. Көрсетілген құрмет ретінде оны Өзтүрік атап кеткен.
3. Таеквондодан қара белбеу 7 дан иегері.
4. Қазақстанда, Түркияның Ыстамбұл, Германияның Мюнхен қалаларында Мұстафа Өзтүрік атындағы таеквондо мектептері бар.
5. Негізгі мамандығы – журналист
6. Алты тілді жетік меңгерген.
7. 1995 жылдың 15 наурызында өмірден озып, денесі Ыстанбұлда әкесінің жанында жерленген.
8. Халық арасында Мұстафа қастандықпен өлтірілген деген болжам бар.
9. 1991 жылы Қалила Омаров Мұстафа Өзтүрік туралы «Барып қайт, балам ауылға» фильмін түсірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға