Қазақстанның жемқорлық деңгейі бойынша рейтингте нешінші тұрғаны анықталды
![Қазақстанның жемқорлық деңгейі бойынша рейтингте нешінші тұрғаны анықталды Қазақстанның жемқорлық деңгейі бойынша рейтингте нешінші тұрғаны анықталды](/storage/storage/element/2025/02/11/mainphoto/142001/1200xauto_OQzAusUgSf7x4VscNS9oCZ8GEt6ukAJOvNY5Gsqn.png)
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
11.02.2025 14:59
169
Қазақстан Transparency International индексіндегі позициясын жақсартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижесін тағы да жақсартты. Еліміз 40 ұпай жинап, 180 ел арасында 5 орынға көтеріліп, 88-орынға тұрақтады.
Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан – ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел.
Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда ұялы байланыс құрылғыларын тіркеу ережелері өзгереді
Келесі жаңалық
Еліміздің екі облысында жолдар жабылды