Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісі тағайындалды
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
12.12.2024 09:08
1128
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Ал бұған дейін Сабыр Есімбеков Қазақстанның Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға