Жаңалықтар

Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды

Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды
Фото: ©El.kz архиві 01.02.2025 18:08 93

Kazakh Tourism мәліметінше, облыс әкімдіктеріне байқауға өңірден 3 ауылды ұсынуға мүмкіндік берілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушыларды іріктеу кезінде табиғи және мәдени ресурстарға, елді мекендердегі дәстүрлі қызмет түрлерінің сақталуына ерекше көңіл бөлінді.

Байқау қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік 5 туристік ауылы анықталды.

Олар:

– Лепсі (Жетісу облысы, Алакөл ауданы);

– Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы);

– Хан Ордасы (Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы);

– Поперечное (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы);

– Шабанбай би (Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы).

Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) өткізетін UN Tourism Best Tourism Village халықаралық байқауында Қазақстанды таныстырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға