Жаңалықтар

Қазақстанның ұсынысымен ДДҰ сайтындағы суицид туралы ақпарат өзгертілді

Бұл туралы ДСМ мәлім етті
Қазақстанның ұсынысымен ДДҰ сайтындағы суицид туралы ақпарат өзгертілді
Фото: gov.kz 19.01.2023 12:03 1286

Денсаулық сақтау министрлігі ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2022 жылғы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int)  бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып қолжетімділік шектелгенін естеріңізге саламыз.

Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ДДҰ ресми веб-сайтында (www.who.int) суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 190-нан астам мемлекеті мүшелері болып табылатын БҰҰ жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жұмысты бағыттаушы және үйлестіруші орган болып табылатынын білесіздер.

ҚР 1992 жылы ДДҰ-ға кірген сәттен бастап ДДҰ Қазақстанға денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша техникалық, сараптамалық және консультациялық қолдаудың кең спектрін көрсетеді.

Қазіргі уақытта ДДҰ-ның ресми сайты штаттық режимде жұмыс істейді және жалпыға қол жетімді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға