Қазақстанның Төтенше жағдайлар жүйесінде маңызды реформалар жүргізілді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
20.12.2024 10:45
141
2024 жылы Қазақстанның ТЖ жүйесінде маңызды реформалар жүргізілді. ТЖМ басқарудың жаңа тактикасын және жаңартылған ұйымдастырушылық құрылымды енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік бөлімшелер саны 87-ден 28-ге дейін қысқартылып, негізгі қызметтердің жұмысын күшейтуге мүмкіндік берді. Цифрландыру бойынша вице-министр лауазымы енгізіліп, сонымен қатар Республикалық жедел штаб жаңғыртылды.
Өртпен күреске ерекше назар аударылуда. 2024 жылы 324 табиғи өрт тіркелді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (868 өрт) 2,6 есе аз. Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарындағы ормандарда өртті ерте анықтау жүйесін енгізу ормандағы өрт аумағын айтарлықтай азайтуға ықпал етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
«Легенда». Қайрат Нұртас жаңа атаққа ие болды