Қазақстанның СІМ басшысы Ресей елшісімен кездесті

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Фото: Сыртқы істер министрлігі
17.08.2024 07:29
645
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестіктің жай-күйі мен перспективалары, сондай-ақ жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы сапарлардың кестесі талқыланды.
Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара ықпалдастық бойынша пікір алмасылды.
Бөлісу:
