Жаңалықтар

Қазақстанның қырғыз экономикасына құйған инвестиция көлемі ұлғайды

Қазақстанның қырғыз экономикасына құйған инвестиция көлемі ұлғайды
Фото: Үкімет 24.02.2025 17:17 142

Үкіметте Қазақстан мен Қырғызстан министрлерінің қатысуымен отырыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектенов өз сөзінде былтырғы жылы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың Астанаға ресми сапары мен Жоғары мемлекетаралық кеңестің кезекті отырысы өткенін, одақтастық қатынастарды тереңдету туралы шартқа қол қою шын мәнінде мемлекетаралық қарым-қатынастардағы тарихи оқиғалар қатарын толықтырғанын атап өтті.

Өзара сенім мен шынайы достық, қоғамдағы тұрақты байланыстары біздің көп құрлық қатынастарымызды жаңа белестерге көтеруге ықпал етті. Атап айтқанда, биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қырғызстанға сапары жоспарланып отыр. Бұл екі жақты байланыстардың одан әрі дамуына тың серпінберетіні сөзсіз. Біздің бүгінгі кездесуіміз жоғары деңгейде өтетін алдағы келіссөздерді сапалық жағынан толықтыра түсу үшін екі жақты күн тәртібініңөзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді. Өзара сауда-экономикалық байланыстарымыз орнықты дамып келеді. Мемлекет басшылары екі ел арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 3 млрд долларға дейін жеткізу міндетін қойды. Үкіметтер осы міндетті іске асыру бағытында жұмысты жалғастыруда, – дедіҮкімет басшысы Олжас Бектенов.

Сондай-ақ Олжас Бектенов соңғы он бес жылда Қазақстанның қырғыз экономикасына құйған инвестиция көлемі 1,7 миллиард долларға ұлғайғанын жеткізді.

Мәдени-гуманитарлық байланыстар да тұрақты дамып келеді. Екі елдің жастары мен зиялы қауым өкілдері арасындағы ықпалдастықты нығайтуға елеулі серпін берген бірқатар іс-шаралар өткізілді. Жалпы, екіжақты байланыстардың одан әрі дамуына Үкіметаралық кеңес пен Өңіраралық ынтымақтастық форум сияқты платформалардың зор үлесін айтып өткен жөн. Қазақстан Үкіметі барлық бағыттар бойынша қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігінің жоғары динамикасын қолдауға қашанда дайын, – деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға