Қазақстанның қай өңірінде ұрлық көп жасалады
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
09.12.2024 13:21
400
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 11 айдағы ұрлық деректерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметтеріне сәйкес, ұрлықтардың 28,1 пайызға, 40 458-ден 29 089-ға дейін (11 ай бойынша) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.
Ұрлықтардың ең көбі Алматы және Астанада (6 675/3 727) ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298).
- Ұялы телефондар ұрлығы - 31,2 пайызға төмендеді (10 051-ден 6 919-ға дейін). Бұл ретте, ұялы телефондар ұрлығының еңкөбі Алматыда – 1 989 және Астанада – 669, ең азы Ұлытау облысында – 54.
- Автокөлік ұрлығы бойынша - 46,1 пайызға 256-дан 138-ге дейін төмендеу байқалады.
- Пәтер тонау бойынша да қылмыстың - 33,7 пайызға, 3 398-ден 2 252-ге дейін төмендеу динамикасы байқалады.
- Сондай-ақ, мал ұрлығы бойынша - 30,3 пайызға 1 432-ден 998-ге дейін төмендеу тенденциясы байқалады. Мал ұрлығы деректерінің ең көбі Алматы - 194, Абай – 126, Түркістан – 114, Жетісу – 97; облыстарында тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да Орталық Азиядағы ең ірі көпір ашылды