Жаңалықтар

Қазақстанның қаржы нарығына ESG қағидаттарын енгізу қажет – Мария Хаджиева

Қазақстанның қаржы нарығына ESG қағидаттарын енгізу қажет – Мария Хаджиева
Фото: © СЦК 26.04.2023 15:48 685

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева қаржы нарығына ESG қағидаттарын енгізу және дамытудың бағыттары туралы айтты айтты, деп хабарлайды  El.kz ақпараттық агенттігі

Бүкіл әлемде орнықты даму қағидаттарын қолдану экология, әлеуметтік даму және корпоративтік басқару саласындағы жаһандық мақсаттарға қол жеткізуді ескере отырып, экономика мен қаржы жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз етуде ерекше маңызға ие болуда, - деп атап өтті Мария Хаджиева.  

Оның айтуынша, қаржы секторы «жасыл» экономиканы қаржыландыруды және қазақстандық компанияларды ESG тәуекелдерін ескере отырып трансформациялайды. Ол орнықты даму қағидаттарын енгізуде шешуші рөл атқарады.  

Осыған байланысты агенттіктің негізгі басымдықтарының бірі – орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржы ұйымдарының стратегиялары мен бизнес-модельдеріне ESG өлшемшарттарын біртіндеп ықпалдастыру. 2021 жылғы қазанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі халықаралық конференцияда БҰҰ-ның парниктік газдардың нөлдік шығарындыларына қол жеткізу жөніндегі үндеулерін қолдап, 2060 жылға қарай Қазақстанның көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеу туралы хабарлады. Стратегияны Президент 2023 жылғы 2 ақпанда бекітті. Оның мақсаты климаттың өзгеруіне және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына Қазақстан экономикасының орнықты дамуына қол жеткізу, - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, көміртегі бейтараптығы парниктік газдар шығарындыларын мүлдем болғызбау жайында мәлімделген мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттің, бизнестің және жалпы қоғамның бірлесіп күш жұмсауын көздейді.  

Қазақстанда «жасыл» қаржыландыруды дамыту үшін барлық қажетті құқықтық орта қалыптастырылған», - деп атап өтті агенттік өкілі.  
Оның мәліметтеріне сүйенсек, 2021 жылғы қаңтарда жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, оның шеңберінде «жасыл» қаржыландыру және «жасыл» жобалар ұғымдарының заңнамалық анықтамасы енгізілді. Сондай-ақ ол «жасыл» облигациялар және «жасыл» кредиттер арқылы қаржыландыруға тиіс «жасыл» жобалардың жіктелуі көзделген. «Таксономияны Үкімет 2021 жылғы желтоқсанда мақұлдады және ол «жасыл» жобалар топтастырылған жеке санаттарды анықтайды. Сонымен қатар мемлекеттік саясат көміртексіздендіруді ынталандыруға және «жасыл» жобаларға қатысты фискалдық, қаржылық және өзге де шаралар түрінде қолдау көрсетуге бағытталған,- деді Мария Хаджиева.

 Оның сөзінше, «Жасыл облигациялардың» инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін Қазақстан компанияларына Қазақстан қор биржасында немесе АХҚО биржасында шығарылған «жасыл» облигациялар бойынша субсидиялар алу мүмкіндігі берілді.  

«Жасыл» қаржыландыру нарығын одан әрі дамыту үшін 2022 жылғы 12 шілдедегі сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша заң шеңберінде халықаралық капитал нарықтары қауымдастығының ұсынымдары негізінде ESG-облигацияларды шығару және айналысқа шығару мәселелері реттелді», - деді агенттік төрағасының орынбасары. 

Оның сөзіне сүйенсек, «жасыл» және әлеуметтік облигациялар – орнықты дамумен байланысты облигациялар. Осы облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты пайдаланудың нысаналы бағыттары бекітілген, олар экология, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік маңызы бар жобалар салалардағы бағыттарға сәйкес келуі тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға