Жаңалықтар

Қазақстанның Қарулы күштерінде «Әскер аруы» фотобайқауы басталды

Қазақстанның Қарулы күштерінде «Әскер аруы» фотобайқауы басталды
Фото: Қорғаныс министрлігі 28.02.2025 20:12 259

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл Қарулы күштер сапындағы мақсаты айқын, қызметте табысты және сұлу қыз-келіншектердің фестивалі әскери мамандықты меңгеріп, кәсіби тұрғыда танылғандардың алаңы болмақ, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтетін фотобайқау әскери қызметтің беделін арттыруға және қоғамның назарын әскер қатарында жүрген әйелдердің рөліне аударуға бағытталған. Қатысушылар туралы ақпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында жарияланған, - делінген мәліметте. 

Фотобайқауға Қарулы күштер түрлерінен, әскер тектерінен және өңірлік қолбасшылықтардан, сондай-ақ Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың құрылымдық бөлімшелерінен 36 әскери ару қатысуда.

Қатысушыларды бағалау 2025 жылдың 28 ақпаны мен 5 наурызы аралығында Қорғаныс министрлігінің Instagram ресми парақшасында дауыс беру арқылы өтеді. Ең көп дауыс (лайк) жинаған қатысушы жеңімпаз атанады.

Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау Астанада өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға