Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі тіркелді
Фото: undark.org
Фото: undark.org
22.03.2023 08:49
2298
Еліміздің сейсмикалық станциялар желісі 21 наурызда Алматы уақытымен 22 сағат 47 мин 30 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жер сілкінісі эпиорталығы Қазақстан Республикасының аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 848 км қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық сыныбы 16.1. Магнитуда MPV 7.8. Эпицентр координаттары 37.00° с. ш. 71.12° в. д. Тереңдігі 120 шқ. Сезілу деңгейі (шкала бойынша МЅК-64): Тараз қаласы 3 балл.
Сонымен қатар жер сілкінісінің дүмпуі Шымкентте, Жетісайда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан өңірлерінде білінген.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Талдықорғанда Ұлы Абайдың ескерткіші ашылды
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды