Жаңалықтар

Қазақстанның мұнай-газ саласына 125 жыл толды

Қазақстанның мұнай-газ саласына 125 жыл толды
Фото: pixabay.com 01.09.2024 15:05 1806

1899 жылы Қазақстан мұнайының тарихы алғаш рет Атырау өңірінде бастау алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы онжылдықтарда отандық мамандардың күш-жігерінің арқасында Қазақстан мұнай өндіруді ұлғайтып, озық технологияларды енгізіп, әлемдік энергетикалық нарықтағы өз позициясын нығайтты.

Шетелдік инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасау басты алғышарт болды. Бұл Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты бірқатар ірі жобаларды іске асыруға мүмкіндік берді. Аталған жобалар халықаралық ынтымақтастықтың символына және Қазақстанның жаһандық экономикаға табысты интеграциясының үлгісіне айналды.

Қазақстанда мұнай саласын дамытудың маңызды аспектісі оның әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады. Мұнай компаниялары ел экономикасына елеулі үлес қосып қана қойған жоқ, олар бүгінге дейін азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысып келеді.

Осы айтулы күні отандық мұнай-газ саласының қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолынан бірге өткен серіктестеріміз бен одақтастарымызға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қазақстанның мұнай-газ саласы әрқашан біздің экономикалық егемендігіміздің тірегі, еліміздің қуаты мен өркендеуінің символы болып қала береді. Біз әрқашан алда жаңа жетістіктер мен жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз және оларды жүзеге асыру үшін аянбай күш-жігерімізді жұмсауға дайынбыз. Мұнай-газ кешенінің барлық қызметкерлерін Қазақстан мұнайының 125 жылдығымен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, құт-береке, дендеріңізге саулық  және кәсіптеріңізге табыс тілеймін. Әрқашан ел іргесі бүтін, аспанымыз ашық болсын! - деп құттықтады сала мамандарын Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға