Жаңалықтар

Қазақстанның креативті индустриясын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстанның креативті индустриясын дамыту мәселелері талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 13.07.2024 18:43 590

Алматыда ҚР МАМ креативті индустриялар департаментінің директоры Гүлісхан Нахбаева Яндекс Плюс және Яндекстің Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі ойын-сауық сервистерінің бас директоры Владимир Горбуновпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, тараптар креативті индустрия саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Ынтымақтастық бірнеше бағыттар бойынша жүзеге аспақ. Атап айтқанда, оқыту семинарлары, білім беру бағдарламалары, креативті индустрияға IT-технологиялар мен бизнес шешімдерді енгізу, сондай-ақ басқа да бірқатар бірлескен жобалар бар.

Сарапшылардың пікірінше, жұмысты жалғастыру үшін өңірлердегі креативті тауарлар мен қызметтер нарығына талдау жүргізу қажет.

Алматыға жұмыс сапары барысында Гүлісхан Нахбаева Almaty Creative креативті индустрияны дамыту орталығына барып, орталықтың қазіргі жобаларымен танысты. Almaty Сreative креативті хабы мегаполистегі қараусыз қалған ғимараттарды жаңартып, шығармашылық жұмыс үшін заманауи кеңістікке айналдырған алғашқы бастамалардың бірі саналады, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ кретивті индустриялар департаментінің директоры Salem Social Media және IT-hub The Foundry медиа компаниясының басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға