Жаңалықтар

Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны 5,6% құрады

Қазақстанның экономикалық өсу қарқыны 5,6% құрады
Фото: sn.kz 14.02.2023 10:49 2505

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің міндетін атқарушы Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,3%-ті, ал қызмет көрсету саласында – 7,6%-ті құраған.

«Барлық негізгі салалар бойынша оң динамика байқалады, бұл ретте сауда, ақпарат және байланыс, сондай-ақ құрылыс ең жоғарғы өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18,3%-ті құрады. Инвестициялар ағыны өнеркәсіпте – 9,2%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,6%-ке, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 33,7%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 33,7%-ке, көлікте және қоймалауда – 31,8%-ке өсті», - деді Тимур Жақсылықов.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіштер Алматы, Ұлытау, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында байқалатынын атап өтті.

«2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 32,1%-ке өсіп, 134,4 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 39,9%-ке өсіп, 84,4 млрд долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,6%-ке ұлғайып, 26,5 млрд долларды құрады», - деді Тимур Жақсылықов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға