Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды
![Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды Қазақстанның екі өңірінде жолдар жабылды](/storage/storage/element/2025/01/08/mainphoto/136968/1200xauto_lHDzVDCbe6MSZMtCFZ4EoIERwMVkKElZMggaF4Ai.jpg)
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 7 қаңтарда Қазақстанның екі өңірінде көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Ұлытау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 137-252 шақырым аралығында (Ұлытау ауылынан Қостанай облысы шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қою жоспарланып отыр.
7 қаңтарда сағат 14:00-ден бастап Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты Жезқазған - Петропавловск автожолының 252-339 шақырым аралығында (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысы шектеледі.
Жолдар 2025 жылғы 8 қаңтар сағат 07:00-де ашылады.
Компания 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын хабарлады.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)