Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы артты
Фото: Reuters 14.03.2023 21:27 693

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2023 жылғы қаңтарда Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 2 130,4 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ретте тауарлардың экспорты қаңтар айында 932,7 млн долларды (52,9%-ға артық), импорт - 1 197,7 млн долларды (1,7%-ға артық) құрады.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей 92,4%-ды, Қырғызстан – 4,2%-ды, Беларусь - 3,3%-ды және Армения - 0,1%-ды алады.

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең үлкен өсім химиялық элементтер бойынша байқалды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,6 есе өсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға