Жаңалықтар

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,1% артты

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 4,1% артты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.08.2023 08:25 596

2023 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 13 843,1 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,1% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тауар айналым құрылымы:

экспорт – 5 430,1 млн АҚШ доллары
импорт – 8 413 млн АҚШ доллары

ЕАЭО елдерімен экспорттағы ең жоғары үлес машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттарға тиесілі – 28,1%, одан кейін химия және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері – 25,5%.

ЕАЭО елдерінен Қазақстанға әкелінетін импорт құрылымында мал және өсімдік өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары басым – 20%, металдар мен олардан жасалған бұйымдар үлесі – 18,9%, сондай-ақ машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен аппараттар бойынша – 18%. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға