Мемлекет басшысы бірқатар елдегі елшіні қызметінен босатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының жарлығымен Әлім Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
Ал Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
