Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды
![Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды](/storage/storage/element/2025/01/05/mainphoto/136616/1200xauto_GL8jbrAGfDdAkiKtRANUYOeolhHU8SYg3aDyK4ph.jpg)
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елдегі елшілері тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)